Парижде боксшыларға неше медаль бұйырады? Бапкер пікірін айтты

26 Шілде, 17:08 8327

Париж олимпиадасында боксшылардың жеребе тарту рәсімі өтті. Болжам әртүрлі, бас бапкер Мырзағали Айтжанов бір алтын, бір күміс және бір қола аламыз деген жоспарын айтты. Бұл туралы бокс бапкері Тұрсынғали Еділов не дейді екен?

– Қазір Геннадий Головкин ҰОК басшысы, өзі Парижге арнайы барды, қастарында жүріп ақыл-кеңесін айтып жатыр, сондықтан оның спортшылар үшін маңызы орасан.

Медальге келсек, өз басым мынадай құраммен, мынадай қаржымен бір алтын, бір күміс және бір қола медаль аз деп ойлаймын. Біздің мамандар межені өте төмен қойып отыр, оны көтеру керек. Боксшыларға соны түсіндіру қажет. Асланбек Шымбергенов, ағайынды Оралбайлар да жүлде үшін бара жатыр, - деді Еділов.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: