Париж ойындарына аттанған маңғыстаулық велошабандоз  сапарын уақытша тоқтатты

15 Мамыр, 19:09 488

Париждегі жазғы олимпиада ойындарына велосипедпен аттанған бейнеулік Рәббім Борашев Грузия мемлекетінің Батуми қаласына дейін жетіп, сапарын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Рәббім Борашев 15-мамыр күні Ақтауға ұшып келеді. Себебі ол жыл сайын өткізілетін «Ұлы Дала жорығына» қатысуы керек.

Рәббім Борашевтың айтуынша, «Ұлы Дала Жорығына» 2 жылдан бері қалмай қатысып келеді. Сондықтан бұл шешім алдын-ала қабылданған. Жорық 19-25 мамыр аралығында өтеді.  Ол редакцияға сұхбаты барысында да бұл жайлы айтқан еді. 

Бүгінге дейін 870 шақырым жүріп өттім. Уақытша сапарымды тоқтатып, Ақтауға қайтып келе жатырмын. «Ұлы Дала Жорығына» қатысып, жерлестеріміз «Көкмойнақ» командасын қолдаймын. Содан соң, Сүгір Бегендікұлының 130 жылдық мерейтойына да қатысамын. Велосипедімді 26 күнге сақтау қоймасына тапсырдым, - деді Р.Борашев. 

Велошабандоз 10 маусым күні сапарын Батуми - Турция бағыты бойынша жалғастыратынын жеткізді.

Перизат Саденова
Бөлісу: