Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Алматыға келді

7 Тамыз, 09:40 688

Тарихи жүлде алған мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле мен гимнаст Нариман Құрбанов Алматыға келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы тұрғындары мен БАҚ өкілдері спортшылар мен бапкерлерді сән-салтанатпен күтіп алды.

Айта кетейік, 27 шілде күні Александра Ле мен Ислам Сәтбаев 10 метрден нысана көздеуден аралас командалық сында қола жүлде жеңіп алған еді.

Ал Нариман Құрбанов 3 тамызда тұтқалы ат жаттығуының ақтық кезеңінде 15,433 ұпай жинап, күміс медаль еншіледі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: