Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Қазақстанға оралды

12 Тамыз, 07:40 717

Алматы әуежайына боксшы Назым Қызайбай келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Франция астанасында ел намысын абыроймен қорғап, көк туды көкте желбіреткен спортшыны жақындары мен жанкүйерлері, достары мен БАҚ өкілдері салтанатты түрде күтіп алды. Жанкүйерлер Назымды шашу шашып, домбырамен ән салып, ерекше күтіп алды. Спортшылар да осындай ерекше құрметке ризашылықтарын білдірді.

Жеңіске жеткенімді енді сезініп жатырмын, халық өзі күтіп алып жатыр. Барлық жанкүйерлерге мың алғыс. Қолдаулары барлық жақтан сезіліп жатты. Бүкіл қазақ елі сенімін білдірді. Бауырларым, ата-анам, әкемнің ауылдастары да маған үлкен сенім артты. Сондай-ақ Италиялық жанкүйерлер қолдау көрсетті, - деді боксшы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай.

Перизат Саденова
Бөлісу: