Париж Олимпиадасы: 1 тамыз күні қай спортшылар сынға түседі

1 Тамыз, 08:32 711

Бүгін Париж Олимпиадасының алтыншы жарыс күнінде сынға түсетін отандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1 тамыз күні садақ атудан Дәулеткелді Жаңбырбай іріктеу кезеңдерінде Колумбия өкілі Х.Энрикеспен сынға түседі. Сонымен бірге, Александр Еременко франциялық Б.Аддиспен шеберлік байқасады. Аталған сын 12:43 және 21:19-да басталады. 

15:00

Нысана көздеу: 

Арина Алтухова, Александра Ле

13:00

Дзюдо: 

Шархан Нұрлыхан - Тома Никифоров (Бельгия). 

Бокс: 

18:30 - Назым Қызайбай - К.Барбоса (Бразилия)

20:54 - Айбек Оралбай - Л.Альфонсо (Әзірбайжан)

00:36 - Мұхамедсабыр Базарбайұлы - Л.Гурули (Грузия) 

Перизат Саденова
Бөлісу: