Париж-2024: Қазақстан жалпыкомандалық есепте қай орында

30 Шілде, 10:50 797

ХХХIII жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте 12-орынға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ХОК ресми сайтының мәліметінше, көш басында әзірге Жапония тұр. Ал Қазақстан құрамасында үш медаль бар: дзюдошы Елдос Сметов алтын алса, тағы бір дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдегер атанған. Сонымен қатар мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтпаев үздік үштіктен көрінген болатын.

Күншығыс елінің өкілдерінде 12 медаль бар: алты алтын, екі күміс және төрт қола.

Екінші орынға 16 медалі бар Франция (5 алтын, 8 күміс және 3 қола) жайғасса, Қытай 12 медальмен (5 алтын, 5 күміс және 2 қола) үшінші орында келеді.

30 шілде күні Олимпиадада сегіз спорт түрінен 12 медаль жиынтығы сарапқа салынады: дзюдо, спорттық гимнастика, жүзу, семсерлесу, нысана көздеу, триатлон, үстел теннисі және регби-7 (әйелдер).

Мадина Асылбекова
Бөлісу: