Париж-2024: Олимпиаданың соңғы күні жарыс жолына кімдер шығады

11 Тамыз, 10:10 1778

Туризм және спорт министрлігі жазғы Олимпиада ойындарының соңғы күні жарыс жолына кімдер шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство таратқан мәліметке сүйенсек, еркін күрес пен жеңіл атлетикадан бақ сынайды.

Сағат 11:00-де жеңіл атлетикадан Жанна Мамажанова марафонға қатысады.

Ал 14:00-де еркін күрестен Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде сынға түседі.

Айта кетейік, Франция астанасы Париж қаласында алуы тұтанған XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 80 спортшы спорттың 25 түрінен сынға түсті. Олимпиада ойындарының алауы 26 шілдеде тұтанған болатын. Төртжылдық басты додаға әлемнің 205 елдің 10 500 спортшысы қатысып, 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салуда.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: