Ұлттық құраманың ең жас спортшысы Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасы ойындарының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Боксшы 1/8 финалда Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Чу Ен Лайдан 3:2 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, спортшы бірінші айналымда Испания өкілі Ойер Ибареччені жеңген болатын.
Ширек финалдық жекпе-жек 1 тамыз күні өтеді. Қазақ боксшысы Лаша Гурулимен жұдырықтасады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram