Париж-2024: Ғұсман Қырғызбаев жарыс қожайынын жеңіп, жартылай финалға өтті

28 Шілде, 16:11 850

Ұлттық құрама дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының ширек финалында жарыс қожайыны Валид Хярдың жауырынын жерге тигізді, деп хабарлайды El.kz.

Осылайша қазақстандық спортшы Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты. 

Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев - әлем чемпионатының күміс жүлдегері (60 кг, 2021 жыл). Ал ширек финалда оның қарсыласы болған Валид Хяр әлем чемпионатының қола жүлдегері (60 кг, 2023).

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: