Париж-2024: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

9 Тамыз, 08:17 860

Бүгін қазақстандық спортшылар таэквондо, еркін күрес, байдарка мен каноэде есу, қазіргі бессайыс және жеңіл атлетика секілді 5 жарыс түрінен сынға түседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

12:00–де таэквондодан ел құрамасынан Батырхан Төлеуғали жарыс жолына шығады.

14:00–де еркін күрестен Юсуп Батырмырзаев сайысқа түседі.

15:40–та байдарка мен каноэде есуден Мария Бровков мен Руфина Ысқақова ел намысын қорғайды. 

16:00–де қазіргі бессайыстан 16:00–де Георгий Борода-Дудочкин жарысады.

23:57–де жеңіл атлетикадан Дэйзи Джегкемей финалда жүлделерді сарапқа салады. 

Зарина Арман
Бөлісу: