Бадминтоннан Қазақстан құрамасының өкілі Дмитрий Панарин Париж Олимпиасының топтық кезеңдегі екінші кездесуін өткізіп, ойынды сәтсіз аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз 22 жастағы канадалық спортшы Брайан Янгпен шеберлік сынасып, екі ойын қорытындысы бойынша 21:18, 21:10 есебімен жеңілді.
Айта кетсек, Дмитрий Панарин D тобында өнер көрсетті. Ол бірінші кездесуде жапондық Кента Нишимотаға қарсы ойында да жеңіліс тапқан болатын.