Парамен ұсталған Сәтбаев әкімі сотталды

18 Наурыз, 21:04 962

Аса ірі мөлшерде пара алған Сәтбаев қаласының экс-әкімі Шапағат Әубәкірге қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу нәтижесінде 2024 жылдың ақпан айында Шапағат Әубәкір қала әкімі бола тұра Сәтбаев қаласындағы жолдарды күтіп ұстау жұмысын жүргізетін жеке кәсіпкерден мемлекеттік сатып алу шартының сомасын ұлғайтуға және оны кеңейтуге жәрдемі үшін 10 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды. Сотталушылар кінәсін мойындады.

Прокурор соттан айыпталушыларға мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жаза тағайындау кезінде сотталушылардың кінәсін мойындауы, шын жүректен өкінгені және жас балалардың болуын қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп танылды. Экс-әкімнің қабылдаған антын бұзуы оның жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын мән-жай деп танылды. Сот үкімімен ол ҚК 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. М. ҚР ҚК 367 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы — 200 млн теңге айыппұл тағайындалды, - делінген қалалық соты ақпаратында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Зарина Арман
Бөлісу: