Паралимпиаданың күміс жүлдегері Еркін Ғаббасовтың ипотекасы жабылатын болды

6 Қыркүйек, 23:11 527

Жазғы Паралимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болған Еркін Ғаббасовтың ипотекасы жабылатын болды. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ведомство ақпаратына сүйенсек, пара спортшы 2014 жылдан бері Көкшетау мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп келеді. 

Бүгін Цифрлық даму министрлігінің ұжымы Паралимпиадада күміс медаль алған әріптесіміз Еркін Ғаббасовты құттықтау үшін жиналды! Біздің қатарымызда Еркіннің болғанына мақтанамыз, ол Паралимпиададағы оқ ату бойынша Қазақстанға алғашқы медаль әкелді. Оның жетістікке жету жолы – табандылық пен қайсарлықтың тарихы, - деп атап өтті министрліктен. 

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Еркін Ғаббасовты жеке құттықтап, Алғыс хатпен және «Үздік цифрландырушы» төс белдігімен марапаттады. Сонымен қатар министрлік пара спортшының ипотекалық қарыздарын жабуға көмектесіп және  7 миллион теңгелік сертификат табыстады. 

Зарина Арман
Бөлісу: