Паралимпиада: Үшінші жарыс күнінің нәтижесі

1 Қыркүйек, 10:31 1021

Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында R1 санатында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл - Париж Паралимпиадасында ел қоржынына түскен алғашқы медаль.

Әйелдер арасында өнер көрсеткен Севда Әлиева SH1 санатында 10 метрге пневматикалық тапаншадан нысана көздеуде 13-орынға ие болды.

Пара жеңіл атлетика: Гүлбақыт Қайыржанова найза лақтыруда (F13 санаты) 34.23 метр нәтижесімен бесінші орынға тұрақтады.

Волейболды отырып ойнау: Қазақстан ұлттық құрамасы топтық кезеңдегі екінші матчын Паралимпиаданың үш дүркін жеңімпазы, Токиода қола алған Босния және Герцеговина құрамасымен өткізіп, 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Пара таэквондо: 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, К44 классында күрескен Нұрлан Домбаев қола медаль үшін жекпе-жекте оңтүстік кореялық спортшы Джу Джонхунға (Joo Jeonghun) 7:1 есебімен жеңіліп қаоды. 

Нышан Өмірәлі К44 +80 кг салмақтағы қола үшін тартыста ирандық Хамед Хагшенасқа (Hamed Haghshenas) 9:16 есебімен жеңілді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: