Паралимпиада: Қазақстандық спортшы Милана Красавцева ширек финалға өтті

29 Тамыз, 14:33 1079

Қазақстандық паратаеквондошы жарысты сәтті бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

52 кг салмақ дәрежесінде (К44 класс) пара таеквондодан жеребе қорытындысы бойынша Милана Красавцева Доминикан Республикасынан келген Геральдо Диаспен іріктеу жекпе-жегінде кездесті. Негізгі жекпе-жек 8:8 есебімен тең аяқталды. Қосымша раундта Милана 10:8 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды. Келесі кезеңде біздің спортшы мексикалық Джессика Гарсия Куиджаномен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы Паралимпиада ойындар 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақстан атынан спорттың тоғыз түрінен барлығы 44 спортшы қатысады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: