Паралимпиада: Пара дзюдошы Ерғали Шәмей күміс жүлдеге ие болды

6 Қыркүйек, 20:04 531

Пара дзюдодан J1 санатында 73 кг салмақта өнер көрсеткен Ерғали Шәмей Париж Паралимпиадасының  күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз финалдық белдесуде румыниялық балуан Флорин-Александр Бологаға есе жіберді. 

Париждегі дүбірлі додада отандасымыз Ерғали Шәмей татамиде табандылық танытып, Паралимпия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Білекті балуанымыздың таланты мен жеңіске деген жігеріне бүкіл әлем куә болды. Оның осы жолда көрсеткен қажырлы еңбегі кез келген жанға үлгі бола алады. Ерғалиға алдағы жарыстарда жеңіс тілеймін!, - деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Зарина Арман
Бөлісу: