Паралимпиада ойындарында Қазақстан қай сатыға жайғасты

6 Қыркүйек, 10:09 1125

Парижде өтіп жатқан ХVII Паралимпиада ойындарының аяқталуына аз қалды. Осы орайда Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте жағдайын жақсартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

5 қыркүйекте қоржынымызға Ақмарал Науатбек (алтын) пен жүзуші Нұрдәулет Жұмағали (күміс) медаль салды.

Осы көрсеткіштің арқасында Қазақстан құрамасы 34-орынға көтерілді.

Ұлттық құрамамыз бұл ойындарда барлығы бес медаль еншіледі. Мұның алдында пауэрлифтер Давид Дягтерев топ жарған.

Сонымен қатар Дастан Мұқкашбеков қола медаль алса, 31 тамызда мерген Еркін Ғаббасов елімізге күміс медаль сыйлаған. 

Ал көш басында дәл қазір Қытай тұр. Аспанасты елінің өкілдері барлығы 166 медаль, оның ішінде 74 алтын, 55 күміс және 37 қола еншілеген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: