Паралимпиада-2024: қазақстандық спортшылар еліміздің туын алып шықты

29 Тамыз, 00:22 877

XVII Жазғы Паралимпиада ойындарында Берік Ізмағанбетов пен Севда Алиева еліміздің көк туын алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дүбірлі доданың шымылдығы әйгілі Champs-Élysées бульвары мен Place de la Concorde алаңында ашылды

Айта кетейік, Франция астанасындағы ойындардың ашылу салтанатына қазақстандық параспортшыларды қолдау үшін ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Мәулен Әшімбаев арнайы барды.

Бұл сынға әлемнің түкпір-түкпірінен 167 мемлекеттен шамамен 4400-дей спортшы бақ сынасып, өзара кім мықтыны анықтайтын болады. Оның ішінде Қазақстан атынан 44 спортшы бар.

8 қыркүйекке дейін жалғасатын Паралимпиада ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 9 түрінен 33 жолдама еншілеген болатын. Төртжылдықтың басты додасында барлығы 22 спорттан 549 медаль жиынтығы сарапқа салынса, биыл еліміз рекордтық лицензияға қол жеткізді.

Зарина Арман
Бөлісу: