Пара берген: Қайрат Боранбаевтың інісі сотталды

26 Қазан 2023, 10:58 924

19 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Әбілхан Боранбаевқа қатысты лауазымды тұлғаларға пара беру фактісі бойынша  және Дәурен Қазбекке қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Боранбаев лауазымды қызметтегі Қазбек және Ш.-ға 1,6 млн теңгеден астам пара берген. Ш. тергеу кезінде қайтыс болуына байланысты іс тоқтатылды.

Қазбек пен Ш. бірігіп, Боранбаевтан пара алып, ол тергеу изоляторында жатқан кезде телефон қолдануға, туған күнінде алкогольді ішімдіктерді тұтынуға жол берген.

Прокурор Боранбаев 4 жыл 6 ай мерзімге, ал Қазбекке 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды сұрады. 

Сот Боранбаевтың 4 баласы бар екенін, кінәсін мойындағанын, шын жүректен өкінгенін, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға және басқа да қатысушыларды әшкерелеуге белсенді ықпал еткенін ескерді. ал Қазбектің үш баласы бар екені, кінәсін мойындағанын және шын жүректен өкінгені жеңілдететін мән-жай ретінде қаралды, – деп мәлімдеді Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: