Пара алған экс депутат Нұржан Әлтаев 10 жылға сотталды

21 Қараша 2023, 17:44 1037

Мәжілістің бұрынғы депутаты, экс вице-министр Нұржан Әлтаевқа қатысты сот үкімі шықты,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нұржан Әлтаев 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін «Атамекен» ҰКП мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауға ықпалдасып, делдал арқылы Абылай Мырзахметовтен пара ретінде жалпы сомасы 50 млн теңгеден астам (115 мың АҚШ доллары және 8 млн 150 мың теңге) қаражат алды деп айыпталып отыр.

Сот үкімімен экс-вице-министр Әлтаев ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқара алмайды, - делінген ақпаратта.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 7 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша экс-вице-министр Н.Б. Әлтаевты аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұстаған болатын.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: