Пәкістандық студенттердің шекарадан елге өтпек болғаны жалған - ҰҚК

19 Мамыр, 00:34 910

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК Бішкек қаласындағы түнгі тәртіпсіздіктерден кейін пәкістандық студенттер тобының Қырғызстаннан Қазақстанға өтуге жиналып жатқаны туралы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.

Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде, Қазақстан мен Қырғызстанның шекарашылары Бішкек қаласындағы қалыптасып отырған жағдай туралы үздіксіз ақпарат алмасып отыр. 

Зарина Арман
Бөлісу: