Пәкістандағы жарылыс: колоннада Қазақстан елшісі де болған

23 Қыркүйек, 10:29 766

Пәкістанның Хайбер-Путунхва провинциясында 12 елдің елшісі мінген кортеж колоннасын алып бара жатқан полиция көлігі жарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның Пәкістандағы елшісі Ержан Қыстафин де дипломатиялық корпус ішінде болған. Абырой болғанда, елшілер зардап шекпеген. Колонна сапында Қазақстаннан бөлек Ресей, Португалия, Эфиопия, Индонезия, Тәжікстан, Иран секілді 12 елдің елшісі отырған.

Жарылыс салдарынан бір полицей қаза тауып, үшеуі зардап шеккен. Дипломатиялық корпус аман-есен ел астанасы Исламабадқа оралған. Олар Сват қаласына туризм мәселелері бойынша конференцияға бара жатқан, - деді Смадияров.

Әзірге жарылыс үшін ешкім жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: