Жарылыс Пешевардағы полиция бөлімшесінің жанында болды. Полицейлердің хабарлауынша, террорист мешітте алдыңғы қатарға жайғасып, өзімен алып келген бомбаны жарып жіберген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 17 адам қаза тауып, 90-нан астамы зардап шеккен. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Телеарнаның хабарлауынша, зардап шеккендер Пешевардағы ауруханаға жеткізілген. Бұл ретте аурухананың дереккөздері зардап шеккендердің 13-і ауыр жағдайда екенін хабарлады.
Жарылыс болған аймақ қоршауға алынды, қалада төтенше жағдай енгізілді.