Пәкістанда үйлену тойы кезінде 22 адам көз жұмды

13 Қараша, 11:29 1136

Пәкістанның солтүстігінде үйлену тойының қатысушыларын тасымалдайтын автобус өзенге құлап, кем дегенде 22 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Dawn телеарнасының мәліметінше, автобуста қалыңдықтың өзі де болған.

Сейсенбі күні Диамер округінен Гилгит-Балтистанеге бет алған автобус өзенге құлап, 22 адам көз жұмды. Көлік салтанатты іс-шараның бір бөлігі болған, - делінген мәліметте.

Телеарна қалыңдықтың тірі қалғанын, түрлі жарақатпен ауруханада жатқанын нақтылады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: