Пәкістанда теракт болып, 40-қа жуық адам қаза тапты

31 Шілде 2023, 04:19 877

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы теракт кезінде 35 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жарылыс елдің коалициялық Үкіметі серіктестерінің бірі Улем ислам қоғамының (JUI-F) конгресі өткізілген ғимаратта болған.

Шабуыл үшін жауапкершілікті әлі ешкім өз мойнына алған жоқ. Жарылыс салдарынан 35 адам қаза тауып, 80-нен астам адам жараланды.

Улем ислам қоғамының конгресіне 500-ден астам делегат қатысқан.

Қақтығыстар мен қауіпсіздікті зерттеу институтының статистикасына сәйкес, жыл басынан бері Пәкістандағы теракт саны 79 пайызға өсті.

Берік Арманов
Бөлісу: