Пайдалы таңғы ас: 7 мінсіз мәзір

15 Қаңтар 2018, 12:36 18243

Таңғы асты түрлендіргіңіз келе ме?

Сәтті күн таңғы астан басталады. Денсаулыққа пайдалы әрі сіңіміді таңғы ас – бүкіл күніңіздің жақсы әрі сергек өтетініне кепілдік бола алады. Сол себепті дәмді әрі пайдалы ас пісірген дұрыс. Егер күнде жұмыртқа мен ботқа жеуден жалықсаңыз, El.kz интернет жобасы ұсынған 7 түрлі мінсіз таңғы астың түрлерімен таныс болыңыз.

Сұлы жармасы құймағы

Ол үшін:

Әзірлеу әдісі:

  1. Барлық ингредиенттерді мұқият араластырып, табаға құямыз (табаға бір тамшы күнбағыс майын жақсаңыз болады). Табаның қақпағын жауып, құймақтың түсі қоңырқай тартқанға дейін күтеміз. Келесі бетіне аударып, тағы күтеміз.
  2. Сұлы жармасы құймағына қалауыңызша ірімшік, жеміс-жидек, тосап, қаймақ қосып ұсынуыңызға болады.

Ірімшік пен алма қосылған бәліш

Ол үшін:

Әзірлеу әдісі:

  1. Алдымен ірімшікті жұмыртқамен араластырамыз. Оған туралған алма мен бал қосамыз.
  2. 200 °С температураға қойылған пешке 15-20 минут пісіреміз.
  3. Тағамды ұсынбас бұрын, сәл салқындатып алған дұрыс.

Кәді қосылған құймақ

 

Ол үшін:

Әзірлеу әдісі:

  1. Кәдіні үккішке үгеміз. Жұмыртқа қосып, үстіне кебек себеміз. Жақсылап араластырып, тұз бен бұрыш қосамыз.
  2. Келесі кезекте табаға құйып, екі жағын кезек-кезек аударып, пісіреміз.
  3. Құймаққа керекті соусты әзірлеу үшін, жұмсақ ірімшікке йогурт қосып,  қаймақ тәріздес күйге енгенше араластырамыз.
  4. Кәді қосылған құймақтың үстіне соус салып, ыстық күйінде ұсынамыз.

Тәтті орама

Ол үшін:

Әзірлеу әдісі:

  1. Піскен күріш пен ақуызды араластырып, табаға пісіреміз. (табаға күнбағыс майын жақпағаныңыз абзал).
  2. Ірімшік пен жидектерді араластырамыз.
  3. Орамаға жидекті жағып, әдемілеп ораймыз.

Сұлы жармасы қосылған алма

Ол үшін:

Әзірлеу әдісі:

  1. Үлкен қызыл алманы таңдаймыз (үлкені дұрыс). Ұқыппен ортасын тазалаймыз.
  2. Алманың ішіне 1 ас қасық ірімшік, сұлы жармасы, үгітілген грек жаңғағын салып, бетіне мак пен корицаны себеміз.
  3. Пешке алма жұмсарғанша 15 минуттай пісіреміз.
  4. Дайын асты салқын сондай-ақ ыстық күйінде де жеуге болады.

Сұлы жармасы қосылған құймақ (панкейк)

Ол үшін:

Әзірлеу әдісі:

  1. Барлық ингредиенттерді араластырамыз.
  2. Екі жағын аударып, пісіреміз.
  3. Құймақты ыстық күйінде ұсынамыз. Қалауыңызша майлылығы 5% ірімшік қосуға да болады.

Құтыдағы сұлы жармасы

Ол үшін:

Әзірлеу әдісі:

  1. Шыны банкаға немесе құтыға алма кезек сұлы жармасы, 2 ас қасық йогурт, кесілген бананды сатылап орналастырамыз. Бетіне жидек салып, үстіне какао немесе корицаны себеміз.
  2. Қақпағын жабамыз. Жақсылап араластырамыз. Түні бойы тоңазытқышта қалдырамыз. 

Астарыңыз дәмді болсын!

Бақытгүл Абайқызы
Бөлісу: