Өзбекстанның намысын қорғап жүрген қазақ боксшысы елге оралды

19 Ақпан, 16:33 3528

Бокстан 2023 жылғы Өзбекстан Республикасының чемпионатында қола жүлде еншілеген Аман Қонысбеков Қазақстанға қоныс аударды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қандасымыз Астана қаласына көшіп келді. Ол қазіргі кезде елордада ағасымен бірге тұрып жатыр. Ал бокстан жарыстарға Түркістан облысының атынан қатысатыны белгілі болды.

Аман отандық былғары қолғап шеберлерімен бүгін Алматыдағы оқу-жаттығу жиындарында жүр.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: