Өзбекстанның ең сұлу балуан қызы Олимпиадаға жолдамасыз қалды

11 Мамыр, 22:34 5777
Өзбекстандық балуан Лайлохон Собирова 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдаманы жеңіп ала алмады, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Түркияның Стамбул қаласында өткен лицензиялық турнирде өзбекстандық спортшы 57 келіге дейінгі салмақтағы шешуші белдесуде бразилиялық Жулия Оливейрадан жеңіліп қалды.

Олимпиада лицензиясы үшін өткен екінші жекпе-жекте ресейлік спортшы Ольга Хорошавцева Украина өкілі Алина Грушина-Акобиадан мықтырақ болды.

Айта кетейік, Лайлохон Собирова Өзбекстандағы ең әдемі балуандардың бірі болып саналады. 21 жастағы  спортшының Instagram желісінде 179 мың жазылушысы бар.

Перизат Саденова
Бөлісу: