Өзбекстандық қорғаушы «Манчестер Ситимен» келісімшартқа отырды

Бүгiн, 07:22 154

Өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусанов өзінің агенті Ұлықбек Асанбаевпен бірге Манчестерге ұшып барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

20 жастағы футболшы британиялық ұжыммен келісімшартқа қол қойған және енді 45-нөмірмен өнер көрсетеді. Келісімшартқа қол қою рәсіміне «қалалықтардың» бас бапкері Пеп Гвардиола қатысты. Негізі дәл осы Пеп Хусановтың қатарға қосылуына мүдделі болған еді.

Бұған дейін Өзбекстан құрамасының ойыншысы Беларусьтің «Энергетик-БГУ» клубында өнер көрсетіп, сонан соң француздың «Ланс» сапына ауысқан.

19 қаңтар күні «Манчестер Сити» клубы Англия чемпионаты аясында сырт алаңда «Ипсвич Таунмен» кездеседі. Ал 22 қаңтарда Чемпиондар лигасында ПСЖ-ға қонаққа барады.

Асқар Таудай
Бөлісу: