Өзбекстанда сақал қойған ер адамдарға айыппұл салынып жатыр

26 Тамыз, 16:51 675

Өзбекстанда сақал қоятын ер адамдарға айыппұл салынып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дәл осы бап бойынша бетін толық бүркеп жүретін әйелдер де жэауапқа тартылуда.

Жоғарғы соттың мәліметінше, бірнеше өңірде сақал қойған ер адамдар айыппұл арқалаған. Мұндай жағдай көбіне Джизак, Самарқан, Әндіжан және Ферғана облыстарында тіркелді.

Айта кету керек, 2023 жылы 31 қазанда қоғамдық орындарда медициналық көрсетілім негізінде жабылу немесе жол-көлік қозғалысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін киілетін арнайы бас киім киіп жүру жағдайларын қоспағанда, жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік бермейтін дәрежеде бетін жауып жүретіндер үшін әкімшілік жауапкершілік туралы Кодекске түзетулер туралы заң қабылданды. 

Заңды бұзғандарға 10-нан 15-ке дейін ҚДБ (3,4 миллионнан 5,1 миллион сумға дейін) айыппұл салынады. Қазақстандық теңгеге шаққанда бұл 2 миллионға жуық қаражат.

Сот қаулыларының деректер базасында әкімшілік жауапкершілік туралы Кодекстің184−4-бабында көрсетілген барлығы 789 іс бар.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: