Өзбекстанда қылмыс әлемінің серкесі ұсталды

8 Желтоқсан 2023, 13:42 3381

Өзбекстанның құқық қорғау органдары Ұлттық олимпиада комитеті басшысының орынбасары қызметін атқарған, «Сәлімбай» деген атпен белгілі кәсіпкер Сәлім Әбдувалиевті ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстанның құқық қорғау органдары «Сәлімбай» немесе «Сәлімбойвачча» деген лақапатпен танылған 73 жастағы кәсіпкер Сәлім Әбдувалиевке қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Ташкент ІІБ баспасөз қызметі хабарлады.

Сәлім Қырғызбайұлы Абдувалиев Қылмыстық кодекстің 248-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс шеңберінде күдікті ретінде танылды (атыс қаруын заңсыз сақтау) және іс жүргізу тәртібімен ұсталды. Бұлтартпау шарасы көрсетілмеген, яғни оның қамауға алынғаны немесе кепілге жіберілгені туралы хабарланбаған. Бұған дейін оған қарсы тергеуге дейінгі тексеру жүргізіліп жатқандығы хабарланған болатын, - делінген gazeta.uz жазған мәліметте.

2017 жылдың қаңтарынан бастап Өзбекстан Ұлттық олимпиада комитеті төрағасының орынбасары және Спорттық күрес қауымдастығының жетекшісі қызметін атқарып келді. Спортты дамытуға қосқан үлесі үшін 2015 жылы Абдувалиев «Дустлик» орденімен, ал 2021 жылы «еңбек сіңірген спорт жаттықтырушысы» атағымен марапатталды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: