Өзбекстанда мектеп бітіру кештерін өткізуге тыйым салынбақ

14 Мамыр, 17:30 653

Өзбекстанда білім министрлігі мектептегі бітіру кештерін мейрамханаларда, пәтерлерде өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство хабарлағандай, 2023-2024 оқу жылының аяқталуы мен жалпы білім беру мекемелерінде «соңғы қоңырау» іс-шараларын өткізу бойынша тиісті ұсыныстарды атап өтті.

Мектеппен қоштасу шараларын таңғы 8:00 мен 9:00 аралығында өткізу ұсынылады. Оқушылардың санына байланысты оларға 1, 4, 9 және 11 сынып оқушыларын қатыстыруға, аудандық белсенділерді, ата-аналарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін шақыруға болады.  Құрметті мұғалімдерді, бұрынғы түлектерді шақыру, биылғы жылдың ең табысты түлектерін, мектеп өміріне белсенді қатысатын ата-аналарды марапаттауға рұқсат етіледі, - делінген хабарламада.

Дегенмен, оқу орындарын жаңа оқу жылына дайындау мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарынан ақша жинауға, оқушылардан қымбат сыйлықтар алу не ақша жинау, соңғы қоңырау кештеріне қымбат киім сатып алу, автокөлікпен сапарлар ұйымдастыруға, түлектердің даңғылдар мен саябақтарда топтық серуендеуі, бассейндерге баруына тыйым салынады.

Айта кетейік, елімізде су тасқынынан орын алған жағдайға және 25 мамырдың демалыс күніне  сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектептерде сабақтың 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды. Су тасқыны болған өңірлердегі сабақ қашықтықтан ұйымдастырылған балалар үшін сынып сағаттары онлайн форматта болады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: