Өзбекстанда балалар уланған дәрілік препараттарға қатысты комитет түсініктеме берді

13 Тамыз 2023, 16:58 1014

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Өзбекстанда балалардың өліміне әкеп соққан ДОК-1 МАКС препаратының ақпаратына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Шулы оқиғаға себеп болған ДОК-1 МАКС Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген. ҚР-дағы ірі дәріхана желілері мен дәрілік заттар дистрибьюторларының ресми деректері бойынша бұл препарат жоқ және республика бойынша сатылмайды.
 
Айта кету керек, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес дәрілік заттардың сапасын бақылау жүйесі олардың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде жұмыс істейді. 

Дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін реттеудің негізгі элементі мемлекеттік тіркеу болып табылады, оның алдында олардың тиімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын кешенді бағалау жүргізіледі. Онсыз дәрілік зат нарыққа жіберілмейді. 

Қазақстанда тіркелер алдында дәрілік заттар мен олардың құрамына кіретін белсенді және қосалқы заттар, буып-түю материалдары сапасына мұқият тексерілетінін айтып отыр. 

Соңғы 4 жылда әр түрлі өндірушілердің құрамында этиленгликольдің қосымша құрамы жоғары болған 10 дәрілік препаратын тіркеуден бас тартылды және ел нарығына жіберілмеген көрінеді. 

Сонымен қатар, ДОК-1 МАКС республика бойынша анықталған жағдайда заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.

Асқар Таудай
Бөлісу: