Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті

20 Қараша, 15:20 479

Өзбекстанның министрлер кабинеті қайта сайланған Олий Мажилис алдында өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ел премьер-министрі Абдулла Арипов тиісті қаулыға қол қойды. Дегенмен үкімет жұмысында үзіліс болмас үшін министрлер кабинеті жаңасы жасақталғанға дейін қызметтерін атқарады. Естеріңізде болса, 27 қазанда өткен парламент сайлауының нәтижесінде парламенттің жаңа палаталары жасақталған.

Жаңа парламент жасақталғаннан кейін бір ай ішінде президент барлық саяси партия фракцияларымен кеңескеннен кейін премьер-министр кандидатурасын заң шығарушы палаталарға ұсынады.

Кандидат министрлер кабинетінің қысқа әрі ұзақмерзімді жоспарын таныстырады. Кандидаттың премьер-министр болып тағайындалуына депутаттардың жартысынан астамының дауысы керек.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: