Өзбекстан Шардараға су ағынын 2 есе арттырады

1 Тамыз 2023, 00:29 985

Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова іссапармен Өзбекстанға барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде өзбек тарапымен Шардара су қоймасына су ағынын - 200 м3/сек дейін ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Биылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша сағат 7:30-дан (Ташкент уақыты бойынша) «Достық» бас құрылысынан Сырдария өзенінің тұсына су ағызу көлемі - 20 м3/сек жүзеге асырылады. Суды ағызу «Ақжар» гидропостына («Бахри Точик» су қоймасына ағын) ағынның ұлғаюы және тиісінше су қоймасынан ағынның ұлғаюы есебінен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, өзбек тарапы «Достық» бас құрылысынан Сырдария өзенінің тұсына ағызылатын су шығынын 50 м3/сек дейін жеткізуге ниетті.

Сонымен қатар, сол күні Чарвак су қоймасынан (Газалкент ГЭС) өткен күнмен салыстырғанда (ағымдағы жылдың 27 шілдесі) су жіберу 290 м3/сек-тен 310 м3/сек дейін ұлғайтылды.

Алайда, бұл су көлемі Сырдария өзенінің бөгетінде су ағызуды жүзеге асыру үшін жеткіліксіз және Чирчик өзенінің бассейнінде суару қажеттілігі үшін су шаруашылығы арналары арқылы жіберіледі.

Айта кетейік, биылғы 27 шілдедегі жағдай бойынша Чарвак су қоймасындағы су көлемі-1936 млн. м3 (ең жоғарғы көлемі - 2006 млн.м3.).

Перизат Саденова
Бөлісу: