Өзбекстан президентінің қызы тағы бір лауазымды қызмет атқарады

14 Тамыз, 14:39 652

Өзбекстан президентінің кенже қызы Шахноза Мирзиеева елдің Ұлттық паралимпиада комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне сайланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстаның Ұлттық паралимпиада комитетінің атқарушы жиынының тиісті шешімімен Шахноза Мирзиеева Өзбекстанның Ұлттық паралимпиада комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына сайланды, - делінген комитеттің Telegram-арнасындағы парақшасында.

Шахноза Мирзиеева бүгінгі таңда Өзбекстан Республикасы жанындағы Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігі басшысының орынбасары қызметін қоса атқарады. Ал тұңғыш қызы Саида Мирзиеева президент кеңесшісі. 

Шахноза Мирзиеева 1986 жылы Ташкентте дүниеге келген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: