Өзбекстан халқының саны 37,5 миллионнан асты

26 Қаңтар, 13:02 450

2025 жылдың 1 қаңтар күнгі мәліметі бойынша, Өзбекстан халқының саны 37 млн 543,2 мың адамға жетті. Былтырдан бері халық саны 2 пайызға немесе 743,4 мың адамға артқан, 

Халықтың 18,9 миллионы (50,4%) - ер адамдар, 18,6 миллионы (49,6%) – әйелдер. Халықтың жартысынан астамы қалада тұрады.

Халық Ташкент, Әндіжан, Ферғана облыстарында тығыз орналасқан. Ал Науаи облысы мен Қарақалпақстанда халық тығыздығы төмен.

Перизат Саденова
Бөлісу: