Өз-өзіне пышақ жарақатын салған ер адам құтқарылды

9 Ақпан, 09:38 2983

Қарағанды облысында өз-өзіне пышақ жарақатын салған ауыл тұрғынын учаскелік полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бұқар-Жырау ауданына қарасты Ғабиден Мұстафин атындағы кентте орналасқан полиция бөліміне өз үйінің ауласында ер азаматтың пышақпен жүргені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен  полицейлер үйдің ішінде қолының таырын кесіп тастаған азаматты көріп, жедел көмек көрсетіп, қолын таңып қойды. Жедел жәрдем жетіп, ер адамға көмек көрсетті.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері бір қайғылы жағдайдың алдын алды. Жәбірленушінің анасы тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: