Автокөліктің таза емес қозғалтқышы айтарлықтай қауіпті емес. Дегенмен, бұл көлігіңіздің жүрісіне әсер ететіні сөзсіз. Қозғалтқышты жуу оңай шаруа емес. Ал оны дұрыс жууды кез-келген адам біле бермейді.
Автокөліктің таза емес қозғалтқышы айтарлықтай қауіпті емес. Дегенмен, бұл көлігіңіздің жүрісіне әсер ететіні сөзсіз. Қозғалтқышты жуу оңай шаруа емес. Ал оны дұрыс жууды кез-келген адам біле бермейді.
Лас қозғалтқыш көліктің жүрісіне қалай әсер етеді?
Біріншіден: қозғалтқыштың лас болуы ондағы сұйықтықтардың қалыпты жағдайын немесе аққанын бақылауға қиындық туғызады.
Екіншіден: таза емес қозғалтқышта жылу шығару жүйесі нашарлайды. Бұл оның қызып кетуіне себеп болуы мүмкін.
Үшіншіден: Жуылмаған қозғалтқыштың күші азайып, артық май қолдануы мүмкін. Бұл оның істен шығуына алып келетінін барлығы жақсы біледі.
Төртіншіден: Мүлдем тазаланбаған, май сіңіп қалған қозғалтқыштан өрт шығу қауіпі бар.
Сонымен, қозғалтқышты қалай жуған дұрыс?
- Ең алдымен қозғалтқышты үлкен қысыммен жууға болмайтынын есіңізден шығармаңыз. Өйткені, судың қатты қысымы бөлшектердің тот басуына және орындарынан жылжып кетуіне алып келеді.
- Үйдегі кірсабын немесе басқа да кір жуу ұнтақтары тежегіш жууға жарамайды. Ол үшін дүкеннен арнайы тежегіш жуатын сусабын сатып алыңыз.
- Полиэтиленмен барлық тоқтарды, генераторды, ауа шығарғыш филтірлерді су өтпестей етіп жабыңыз.
- Қозғалтқыш жуу барысында жылы болуы тиіс. Ол үшін алдын-ала көлігіңізді қыздырып алыңыз.
- Көлігіңіздегі аккумуляторды шешіп алыңыз.
Рустем ӘЛПИ