Ойын техникаларын жалға алуды кәсіпке айналдырған алаяқ қамауға алынды

21 Қараша 2023, 22:55 853

Семейде ойын техникаларын жалға алуды кәсіпке айналдырған алаяқ қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

42 жастағы қала тұрғыны ақшалай пайда алу мақсатында Семей қаласының тұрғындарынан Sony Playstation ойын консолі мен ноутбуктерді жалға алған.

Алайда ер адам жалға алған техниканы ломбардқа сатқан. Одан түскен ақшаны құмар ойындарға салған.

Осылайша, 2023 жылдың 2 айында ер адам тұрғындарды алдап, 2 млн теңгеден астам шығын келтірген. Сот күдіктіні ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сотталған ер адам осы жылдың күзінде Абай облысы бойынша ҚАЖД № 20 мекемесіне айдалумен келді. Келген уақыттан бастап, ол мекеме аумағында орналасқан жеке кәсіпкерге жұмысқа орналастырылды. Сотталған ер адам жалақысынан оған үкіммен тағайындалған талап-арыздарды өтеп жатыр және жақындарына көмектеседі, – деп атап өтті жасақ бастығы Айжан Молдатьянова.

Перизат Саденова
Бөлісу: