Ою-өрнектің пайда болу тарихы

5 Қараша 2015, 10:25

Ою-өрнектің пайда болу тарихы

Ою-өрнектің пайда болу тарихы туралы бірнеше теория бар. XIX ғасыр соңында Л.К.Попов өнер, соның ішінде ою-өрнектің пайда болуы жөнінде «магиялық теориясын» ұсынды. Яғни таңбалау, алғашқы өнер «жануарларға еліктеуден емес, оларды бағындыруға» деген ұмтылыстан пайда болды. Л.Я.Штенберг: «Жануарлар культінің өнер дамуын үлкен әсері болды. Бір жағынан бейнелеу сол жануар санын көбейтудің магиялық әдісі деп сенсе, екінші жағынан адам өзіне сол аңның күші беріледі деп жануар денесінің мүшелерін немесе қолдан жасалған бұйымдарды өрнектеп тағып жүрген». Н.Я.Марр 1930 ж «Тіл және хат» еңбегінде магиялық теориясын ұсынады. Бұл тұжырымдама бойынша алғашқы өнер идеялары аң аулаумен байланысты. И.И.Иоффе: «Өнер – идеологияық тұрғыдан бекітілген рәсім мен онда қолданылатын құрал, қару-жарақ бірлігі». Е.Ю.Кричевский неолит дәуіріндегі керамикалық ыдыстардағы ою-өрнек алғашында магиялық мәнде болса, кейін декоративті мәнге ие болды дейді. Магиялық теория өкілдерінің қатесі олар өнер дамуын адамның өзінің еңбек барысындағы тарихи дамуынан бөлек қарастырады. Ал марксизм классиктерінің тұжырымдамасы бойынша мәдени және рухани құндылықтар еңбек процесінде қалыптасты.

Буржуазиялық ғылымда ою-өрнектің пайда болуы туралы «биологиялық теория» қалыптасты. Бұл теория бойынша адамда туғанынан болатын әдемілікке деген құштарлық көркемөнердің бастамасы, өнер рахаттану үшін жасалынады. Г.Осборн кроманьондық адамдаға бақылау, пропорцияларды түсіну, әдемілік сезімі, жалпы фантазия туғаннан берілген қабілеттер деп есептеген.                         

Ежелгі шығармашылықтың декоративті элементтері үндістердің, Африка, Австралия, оңтүстік американдықтардың ою-өрнектерінде кездеседі. Мотивтерінде шынайы және стильдендірілген геометриялық формалар қатар кездседі. Бірақ суретшілер шынайы формаларды да стильдендіріп отырған. Жануарлар мен адамдардың фигураларын стильдеу алғашқы бейненің өзгеріске ұшырауына себеп болды. Ою-өрнек элементтері тарихи кезеңдердегі дүниетаным мен наным-сенімге байланысты әртүрлі мәнге ие болып отырды. Мысалы: раушан гүлінің бейнесі – махаббат пен сұлулық құдайы Венераның символы; ортағасырда – Құдай ана гүлі; исламда – жұмақтағы өмір мен ғарыштық күш символы.

Орнаментті зерттеудегі ең қиыны өрнектің мәнін, пайда болған кезеңін, қай ұлт туындысы екендігін анықтау. Кейінгі ұрпақ суретшілері алдыңғы суретшілердің жұмыстарын негізге алады. Мысал ретінде Еуропа, Азия, Америка халықтарында кездесетін свастика элементін келтіруге болады. Свастика бейнесін б.э.д.V-IVғ.ғ. Триполья тайпасының мәдениетінде кездестіруге болады. Ежелгі және ортағасыр мәдениетінде свастика солярлы символ, бақыт, жомарттық, амандық, құнарлылық, Күн күші және қозғалыс белгісі, 1852 жылы француз ғалымы Эжен Бурнуар төрт ұшы бар крестке «свастика»(     жақсылық әкелуші) деген атау берген болатын. Будда дінінде бұл белгі мәңгілік әлем айналысы. Свастика христиан дінінде де, ұлттық өнерде де кездеседі. Ұлттық түсінікте ол жай ғана стихия символы емес, мәңгілік жел, мәңгілік Рух бейнесі. Ежелгі Қытай манускрипттерінде де свастика белгісі кездеседі. Бірақ ондағы мағынасы «ел», «аймақ».

Аңдық стиль сармат өнерінде жақсы дамыған, олар герман тайпаларына жеткізсе, бұл тайпалықтар бүкіл Еуропаға тартақан болатын. Б.д.д. кельттіктер Жерорта теңіз тайпаларының скандинавия, византия халықтарының ою-өрнектерінен көп элементтерді алып, өзіндік декор қалыптастырды. Кельттік ою-өрнектің алашқы дәуірлерінде өсімдік мотивтері кездеспеді. Зерттеушілер кельт ою-өрнектері ат әбзелдерін, киімдерді, аяқ киімдерді әшекейлеп тұратын өрілген белбеулерден бастау алды дейді. Кейін белбеуге жануар денесінің мүшесі, өсімдіктер элементтері қосыла бастады. Бұл динамикалық өрнектер көшпенділердің өмір салтының көрінісі болса керек. 

Ежелгі мәдениеттерді зерттеуші А.Формозов айтуынша антикалық құмыраға жазу өнеріне тән меандр өрнегін грек көзешілері тігіншілерден алған, ал тігінішілер киім тігу барысында жіптерден кездейсоқ пайда болған өрнектерді қайталау арқылы жасап шығарған. Шығыс Еуропаны мекендеген аңшылар тігіншілікпен таныс болмаған, алайда оларда да меандр өрнегі кездеседі. Ғалымның пікірінше меандр Еуропада қарапайым зигзаг өрнегін күрделендіру арқылы пайда болған.  

Палеонтолог В.И. Бибикова мамонт қалдығын зерттеу барысында сүйектегі жарықшақ (трещина) меандр өрнегіне ұқсас екендігін байқаған. Палеолит дәуіріндегі адамдар да мамонт сүйегін өңдеу барысында сол өрнекті байқап, тұрмыс заттарына сала бастаса керек.

Француз ақыны П.Валери «математика ғылымда қандай орын алса, ою-өрнек концепциясы өнерде сондай орынғат ие» деген.

К.Г.Юнг концепциясы бойынша ою-өрнек өз бастауын «ұжымдық бейсаналық» кезеңнен алады. Олар априорлы (лат. a priori — тәжірибеге дейін), индивид санасына тәуелсіз геометриялық символдар: крест, шеңбер, шаршы.

Австриялық тарихшы, өнерді зерттеудегі «формальді әдістің» негізін қалаушы Алоиз Ригльдің теориясына сәйкес ою-өрнекте «өнердегі ерік» көрініс табады, яғни адамның стильге, өмірін безендіруге, образдарды реттеуге деген ұмтылысы. 1893 ж. А.Ригльдің "Проблемы стиля. Основные положения к истории орнамента" («Stilfragen. Grundlegunden zu einer Geschichte der Ornamentik") атты еңбегі жарық көрді. Еңбегінде тарихи бірінші стиль симметрия және ритм заңдылықтарына сүйенетін геометриялық стиль деп көрсеткен. Келесі кезең «геральдикалық стиль», одан соң өсімдік бейнелері.

Этномәдени қатынас, сауда, әскери жорықтар, діни миссиялар, елшілік сыйлықтар, арнайы шақырылған суретшілер өнер туындыларының өзге елдерге таралуына себеп болды. Сәйкесінше көркемөнер стильдері мен идеялар таралды.

Декоративті өнердің мыңжылдықтарға созылатын даму тарихында өрнектің бірнеше түрлері пайда болды: геометриялық, өсімдік тәріздес, кешенді т.б. қарапайым өрнектерден бастап күрделі композицияға дейін. Ою-өрнек мотивтерінде шынайы адам пішіндері, жануар бейнесі немесе мифологиялық, фантастикалық құбы

Бөлісу: