Отырарда зорланған оқушылар саны 15-тен астам болуы мүмкін

20 Қазан 2023, 09:53 5492

Түркістан облысы Отырар ауданында балабақша қызметкері зорлық көрсеткен бастауыш сынып оқушыларының саны 15-тен астам болуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Адвокат Айман Омарованың айтуынша, оның 14-і қыз бала, 1-уі ұл көрінеді.

Бізге алғашында 3 қыз зорлық көрді деген ақпарат келіп жеткен болатын. Енді олардың саны 15-ке жетті деген мәлімет келді. Зорлық құрбандарының саны одан да көп болуы мүмкін. Күдіктіні ұстапты. Бұл видеоүндеуді біз Бас прокуратураға жолдап отырмыз. Барып тексерулерін сұраймыз. Себебі кей ата-ана арыз жазғысы келмей отыр екен. Өйткені істі жауып тастай ма деп қорқады, - деді адвокат тікелей эфир кезінде.

Қорғаушының мәліметінше, оқушылардың жаппай зорлануы туралы «One-Stop-Service» жобасына Түркістан облысының тұрғындары хабарласып айтқан. Олардың жасы 5-10 жас аралығында екен.

Ал заңгер Ляззат Ракишеваның айтуынша, қазіргі таңда күдіктімен көрші тұратын  көптеген ата-ана кішкентай қыздарын жаппай гинекологқа тексертіп жатыр екен. Сондықтан зорлық құрбандарының саны 15-тен көп болуы мүмкін.

Күдікті балабақшада от жағушы (кочагар) боп істейді екен. Жазда дәл осы адамның үстінен зорлық-зомбылық бойынша бір арыз жазылыпты. Бірақ неге іс қозғалмағаны белгісіз, - деді Ляззат Ракишева.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: