Өткен тәулікте үш облыста шөп өртенді

17 Тамыз, 10:35 733

Өткен тәулікте еліміз бойынша үш өңірде шөптің өртену дерегі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтқанда, кеше Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новонежин ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында шөп орамы мен 16 шаршы метр алаңда шөптің жануы орын алды. Ал Ақтөбе облысы Құмтоғай ауылы Ырғыз ауданында жеке меншік үй аумағында 45 бума жиналған шөп жанды. Бұдан өзге Жамбыл облысы Алтынарық ауылының Меркі ауданында жеке тұрғын үй аумағында 30 шаршы метр алаңда жинаулы тұрған және 400 бума шөп өртеніп кетті. 

Төтенше жағдайлар министрлігі, барлық оқиға бойынша төтеншеліктер өрттерді дер кезінде сөндіргенін айтты. Зардап шеккендер жоқ.

Осы ретте министрлік тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: