Өткен тәулікте елімізде 87 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

4 Қаңтар 2023, 09:15 1101

Өткен тәулікте елімізде 87 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

4 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 600 адам коронавирус инфекциясынан (–2 406+ және 194 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 341 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: