Өткен тәулікте елімізде 35 адам коронавирус жұқтырды

2 Қараша 2022, 09:28 1405

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді

Өткен тәулікте Қазақстанда 35 адам коронавирус жұқтырып, 6 адам аталмыш дертте жазылып шықты, деп хабарлайды El.kz. 

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, елде 811 адам коронавирус инфекциясынан (–664+ және 147 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 65 пациент стационарда, 746 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

3 адамның жағдайы ауыр,

3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сондай-ақ 10 843 214 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10 605 513 адам II компонентін салдырды. Ревакцинацияланғандар саны – 5 613 445.

EL.KZ
Бөлісу: