Өткен тәулікте 91 адамнан коронавирус анықталды

8 Ақпан 2023, 09:24 909

Елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 78, ал коронавирус белгілері бар пневмония 13 адамнан анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті.

8 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 543 адам коронавирус инфекциясынан (–1 387+ және 156 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 422 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 7 адамның жағдайы ауыр.

Кешегі мәлімет бойынша коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.

EL.KZ
Бөлісу: