Өткен тәулікте 7 адам коронавирус жұқтырды

26 Қазан 2022, 09:27 1101

Бұл туралы Денсаулық сақтау министріліг мәлімдеді

Өткен тәулікте елімізде 7 адам коронавирус жұқтырып, 1 адам аурудан жазылды, деп хабарлайды El.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Сондай-ақ министрліктің мәліметтеріне қарағанда осы уақытта елде 882 адам коронавирус инфекциясынан (–732+ және 150 КВИ-) емделіп жатыр.

Олардың арасында 97 пациент стационарда, 785 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 2 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Айта кетейік, 2022 жылғы 26-қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда 10 841 992 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10 602 948 адам II компонентін салдырды. Ревакцинацияланғандар саны 5 599 809 адамға жетті.

Бөлісу: