Өткен тәулікте 46 адамнан коронавирус анықталды

12 Ақпан 2023, 09:50 1008

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті

Өткен тәулікте елімізде 46 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

12 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 647 адам коронавирус инфекциясынан (–1 485+ және 162 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 137 пациент стационарда, 1 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 6 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.  

EL.KZ
Бөлісу: