Өткен тәулікте 34 адам коронавирус инфекциясына шалдықты

22 Қазан 2022, 10:03 1291

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясына 34 адам шалдықты. Сондай-ақ 12 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, деп хабарлайды El.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 22 қазандағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 972 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде коронавирустан –812 (КВИ+) пневмониядан 160 (КВИ-) адам. 100 пациент стационарда жатса, 872 науқас амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 2 адамның жағдайы ауыр,

- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Бөлісу: