Өткен тәулікте 27 адамнан коронавирус анықталды

29 Қаңтар 2023, 10:00 959

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті

Өткен тәулікте елімізде 27 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

29 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 669 адам коронавирус инфекциясынан (–1 524+ және 145 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 111 пациент стационарда, 1 558 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 6 адамның жағдайы ауыр,

• 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 

EL.KZ
Бөлісу: